БАЛҚАШ қаласының терме веб-сайты

Балқаш қаласының тарихы.

    Тарих көшіне ілескен  Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап.екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді. Кеңес  Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар,комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз - көшпенді қазақтар тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жолдан жырақта іске асты. Жүкті алғашқыда ат-түйемен тасыды. Тағы бір жылы Балқаш көлі арқылы Бөрлі-Төбе айлағынан Бертіс шығанағына жүк тасымалданды. 1935 жылы Балқаш-Қарағанды теміржолы уақытша пайдалануға беріліп, жылу электр орталықтарының құрылысы басталды.1935 жылы мыс алыбының негізгі цехтарымен өндіріс объектілерін салуда үлкен бетбұрыс кезеңге аяқ басты. Осы алып құрылысты тезірек салып бітіру ынтасы құрылысшылардың да өз батырларын туғызды. Қазақтар, орыс, белорус, украин, татар, армян және басқа ұлт өкілдері тізе қосып еңбек етті. 1938 жылы 24 қарашада алғашқы Балқаштың қара мысы алынды. Ал қаланың негізгі құрылысы 1934 жылы басталған болатын. 1937-1938 жылдары құрылыс майданындағы ең бір екпінді, қарқынды істер атқарылған кезең болды. Атап өтер болсақ, Қоңырат руднигінің құрылысы,  «Ударник» кинотеатры, Балқаш ТЭЦ-і қатар салынып жатты. Ұлы Отан соғысының қарсаңында ашылған Гүлшат пен Шығыс Қоңыраттағы мырыш пен молибден кеніштері қорғаныс өнімдерін жабдықтауда өте маңызды қадам еді. 1941 жылы Москва түбінен көшіріп әкелінген Кольчугино түсті металлдар заводы комбинат құрамына кірді.«Темірді қызған кезінде соқ » демекші комбинатты алғаш жоспарлауда  қаланы жасылдандыру идеясы да іске асып, 1935 жылы СССР ғылым Академиясының көшпелі сессиясы Балқашта өтті, нәтижесінде Тораңғалықта ботаникалық бақтың орыны белгіленді. Өсімдіктерді климатқа бейімдеу, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қадам қаланы тек қана жасылдандыру ғана емес, онда   бау-бақша өсіру дәстүрінің де негізін салды.                                   1958 жылғы комбинатты ірі көшенді қайта жабдықтауға дейін де, оның құрамына 25 цех болды. Кейбір цехтардың қуаты жеке - дара заводтарға пара-пар болатын. 1971 жылы Саяқ кеніші қатарға қосылды. 1985 жылы ерекше құрылым сұйық ваннада балқыту(ПВЖ) қондырғысы пайдалануға берді. Бұл құрылыс жоғары өнімділігімен, отын үнемдеумен және басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді. Екінші сұйық ваннада балқыту құрылысының аяқталуы мен 1999 жылғы Ванюков пешінің қайта жабдықталуы өндірістің өнімділігін арттыра түсті. Қазіргі уақытта БТКК  –да таңдаулы мыс балқыту комплексі жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай өндірісте енді шикізат алумен қатар дайын өнім шығару қолға алына бастады. 1986 жылы тұңғыш мыс сымдары алынса, 1997 жылы I-ші алтын құймасы мен байытылған күміс алынды. 1997 жылы 7 ақпанда Балқашмыс мүліктік базасының негізінде «Қазақмыс» корпорациясының структуралық құрамында-Балқаш тау-кен комбинаты құрылды. 2003 жылы мырыш заводы іске қосылып қазыналы Балқаш керегесін кеңге жая түсті.Міне, енді ару Балқаштың жағысында мыс алыбы мен қатар қазақтың сұлу қаласы Балқаш қаласы гүлденіп, түрлене түсті.Тарихқа үңілсек 1938 жылы 2 сәуірде КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен «Прибалхашстрой» құрылысшылар кенті Балқаш қаласы статусына ие болды. 1976 жылы СССР Министрлер Кеңесінің шешімімен Балқаш қаласына ерекше архитектуралық құрылысы мен үлгілі құрылымы үшін мемлекеттік сыйлығы табыс етілді. Жыл өткен сайын қаланың көлемі кеңейіп, халық саны өсе түсті. 1987 жылы сәуірде Балқаш еңбеккерлерінің экономикалық-мәдени жетістіктері мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы неміс басқыншыларына қарсы күрестегі ерен ерліктері үшін  Халықтар достығы орденімен наградталды.

        Балқаш балықшыларының жеке сала болып қалыптасуы 1930 жылдан бастау алады. Көреген бабамыз Қараменде би айтып кеткендей «ойында балығы, қырында киігі»  ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің балығымен де атағы шықты.

         Қаланың   тарихы, қайталанбас көркем келбеті  еліміз қылқалам шеберлері туындыларының негізгі тақырыптарының біріне айналды.  Солардың ішінде көрнекті ресейлік суретші Юрий Антонович Зайцевтің еңбектеріне тоқталуға болады. Оның 50 –ге тарта шығармасы Балқашқа арналған еді. «Балхашский мотив», «Девушка из Бурлю-Тюбе», «Гавань в Бухте Бертыс» және басқа шығармалары күллі халыққа танымал болды.

       Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балқаштың соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік істері ұрпақ жадында мәңгілік сақтаулы.                   З. Асфандяров, П. Миллер, В. Хоружая, О. Щермаков,                              Н. Подсадниктер «Кеңес Одағының батыры», ал П. Калмыков пен В. Спицындер жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық кавалерлері атағына ие болып, қаламыздың атағын елімізден тысқа да әйгілі етті. Ұлы Отан соғысы майданы негізгі ошақтарының бірі Сталинград, Ленинград қалаларын басқыншылардан қорғауда да балқаштық жауынгерлер ерліктерімен танылды. Рейхстаг күмбезіне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадаған  Р.Қошқарбаев «Халық қахарманы» болып даңққа бөленді. Берлинге жеңіс туын тіккен батыр жауынгерлер қатарында В.Громов, Н.Кулжанов, К.Григорьянц, К.Меньшов, Ж.Ақбергенов сынды жерлестеріміздің есімдері де мақтанышпен аталады.  Фин соғысының ардагері                   В. Громов, артилерист Н. Құлжанов, атты әскер жауынгері                         К. Григорьянц, партизан К. Меньшов, танкист Ж. Ақбергенов тәрізді балқаштықтар жеңіс күнін Берлинде қарсы алды.

         Еңбек майданында да мыңдаған қала еңбеккерлері оның ішінде, әсірісе, әйелдер ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыс жылдарында тек қана мыс заводында 2875 әйел еңбек етті. Постникова, Кузнецова, Гуриналар шағылыстыру пештеріне кен тиеушілер, Шираймова, Козловалар паровоз машинистері болып еңбек етті. Көптеген әйелдер өндіріс, қала әкімшілігінің басшылығы қызметтерін атқарды. Олардың ішінде А.С. Пирибинус қалалық атқару комитетінің төрайымы, Е. Иванова қала комсомолдарының жетекшісі, Климова, Стародубцевалар комбинаттың жетекші цехтарында ауысым шеберлері болып жұмыс істеді.  Нақ осы сұрапыл соғыс жылдарында Социалистік Еңбек Ерлері Н.Г. Чекушина, Ж. Бейсов, Ленин орденінің иегерлері                                   Л. Бакланчикова, Н. Бушуева, Мемлекеттік сыйлықтың иегері                 Б. Смағұловтардың комбинаттағы еңбек жолдары басталған еді.   Ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да төзе отырып Балқаштық еңбек майдангерлері басқыншыларға қарсы соғысқа елеулі үлес қосты. 80 жастағы қарт ақын Шашубай өзінің найзағайдай күркіреген өлеңдермен елге, жауынгерлерге рух беріп жігерлендіре түсті.

     Бүгінде сол алдыңғы толқынның ерлік істері,  бейбіт күндері кейінгі толқын ұрпақтарының ерен еңбектерінде  жалғасын табуда.  Аталанта олимпиадасының жеңімпазы, Баркер кубогінің иегері, боксшы В.Жиров Балқаш қаласының атын әлемге тағы бір қырынан танытты. Ұшқыш–космонавт В.Ланчаков, күміс көмей опера әншісі Э.Епонешникова, ҚазКСР-і еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері М.Хамзин және басқа өнер тарландары біздің мәңгі мақтаныштарымыз.                                                                              «Өткендерін еске алған өскендіктің белгісі,өткендерін ұмытқан өшкендіктің белгісі» дегендей Балқаш қаласының тарихын, өз жерлестерінің атақ пен ерлікке толы өмірін ұрпақ санасында жауғыртып отыру біздер үшін қасиетті парыз.


Это информация не для личного использование

Бұл ақпарат жеке қолдануға арналмаған